Ливанда Қазақстанмен мәдени байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 қыркүйекте Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Азаматтарды тәрбиелеу және мемлекеттерді дамыту жөніндегі араб қауымдастығының президенті Ахмад Абдулла Әл-Шауишпен кездесті. Әңгіме барысында Қазақстанның Ливанмен және өзге де араб елдерімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық пен жастар арасындағы байланыстарды дамытуға, бір-бірінің тарихы мен мәдениетін танып-білуге, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды. Елші мәдениет пен білім саласындағы ақпарат және тәжірибемен  алмасулардың халықтарды жақындастырудағы маңызын атап өтті. Аталған мақсатта жақын  келешекте осы араб елінде Қазақстанның мәдени орталығын ашу жайлы ливандық өкілдің ұсынысы қарастырылуда

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1295637?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді