
Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында мектеп дәптерлері мен қағаз өнімдерін өндіретін «Dapter-Line» ЖШС-нің заманауи фабрикасы жұмыс істейді. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 340 млн теңгені құрайды. Кәсіпорында 40 жаңа жұмыс орны ашылып, өндірістік қуаты жылына 70 млн дана дәптер шығаруға мүмкіндік береді.
Фабрикада мектеп оқушылары мен кеңсе қажеттіліктеріне арналған дәптерлер, сондай-ақ өзге де қағаз өнімдері өндіріледі. Заманауи өндіріс орны ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.
Кәсіпорынның іске қосылуы оқу және кеңсе тауарлары өндірісін ұлғайтуға, импортты алмастыруға және отандық өнім үлесін арттыруға мүмкіндік беруде. «Dapter-Line» жобасы Шымкенттің өндірістік әлеуетін нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті өндірісті дамытуға елеулі үлес қосып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1296192?lang=ru

Жауап қалдыру