
Маңғыстау облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және Олимпиадалық резервтерді даярлау орталығының қолдауымен 77-мекемеде сотталғандар арасында спорттық-танымдық іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру, дене белсенділігін дамыту, сондай-ақ қатысушылар арасында өзара сыйластық пен бірлікті нығайту. Іс-шара барысында қатысушылар штанга көтеру, қолды бүгіп-жазу және үстел теннисі бойынша бақ сынасты. Жарысқа жауапты мамандар қатысушыларға спорттық қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жарыстың әділ өтуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар қатысушыларға ұлттық тағамдар – бауырсақ пен шұбат ұсынылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мән берілді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар медальдар мен арнайы марапаттарға ие болды. Іс-шара сотталғандардың белсенділігін арттырып, өзара қолдау, ынтымақтастық және жағымды психоэмоционалдық ахуалды қалыптастыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылар іс-шараға қолдау көрсетіп, сыйлықтар ұсынған кәсіпкерге алғыс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/1295534?lang=kk

Жауап қалдыру