
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері жұмысшы жастар арасында өткен «Enbek QUIZ» зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша жүлделі 3-орынды иеленді.
Іс-шараны «Жастар Рухы» қорының Қостанай облыстық филиалы «Тәуелсіздік ұрпақтары: жастар бастамаларын жүзеге асыру платформасы» жобасы аясында ұйымдастырды.Зияткерлік ойын жастар үшін қызықты кеңістік құруға бағытталды. Онда қатысушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, командалық өзара іс-қимыл, стратегиялық ойлау және ынтымақтастық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.Ойын барысында командалар әртүрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің эрудициясын, тапқырлығын және бірлесіп жұмыс істей білу қабілеттерін паш етті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облысы Әділет департаментінің командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 3-орынға табан тіреді.
Мұндай іс-шараларға қатысу жастар бастамаларын дамытуға, командалық рухты нығайтуға, сондай-ақ белсенді және ұйымшыл жастар ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1296211?lang=ru

Жауап қалдыру