ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТТАТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 10 бабы 3 тармағына сәйкес, VIІI шақырылған Талғар аудандық мәслихатының кезекті LХІІI сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйекте, сағат 10:00-де (тіркелу 09:30) шақырылады. Өтетін орны аудандық әкімдік ғимаратының кіші мәжіліс залы (5 қабат).
Күн тәртібінде:
- Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі, Төңкеріс ауылының бас жоспарын бекіту туралы.
- «Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген салалары бойынша атқарылған жұмыстары мен туындаған өзекті мәселелерді шешу бойынша қабылданған шаралар туралы бөлім басшысының есебі.
- Бесқайнар ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.
- Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.
- «Талғар ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 40-124 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Талғар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-65 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Талғар ауданы әкімдігі жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы.
- 8. Талғар ауданы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-talgar/press/news/details/1295602?lang=ru

Жауап қалдыру