
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Гаухар ана визит орталығының аумағында сенбілік өткізді. Музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов ұжымға «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын атап өтіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырды.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – киелі орынның тазалығын сақтау, аумақты абаттандыру және келушілерге қолайлы орта қалыптастыру. Сенбілік барысында ұжым аумақты абаттандыру және тазалау жұмыстарына атсалысып, орталық маңындағы шөптерді орды, қураған жапырақтарды жинап, айналаны ретке келтірді.
Тазалыққа жауапкершілікпен қарау – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. Осындай игі бастамалар тарихи-мәдени нысандардың айналасын таза әрі көрікті ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1295622?lang=ru

Жауап қалдыру