
2026 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу
және бақылау комитетінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің Тілдер күні мерекесі мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін атап өтуге арналған іс-шаралар
жоспары аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде қазақ халқының ұлы
ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының
өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған «Ұлт рухының ұлы ұстазы –
Ахмет Байтұрсынұлы» атты интеллектуалдық-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін дәріптеу, қызметкерлердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1295667?lang=ru

Жауап қалдыру