ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
19 қыркүйек – «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында Арыста жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Қала аумағы мен барлық ауылдық округтерде өткен тазалық жұмыстарына 3 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, мекеме-кәсіпорындардың ұжымдары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласының өкілдері мен жастар бар. Бірқатар көпқабатты тұрғын үй аулалары мен жекелеген көшелерде тұрғындар да сенбілікке белсенді атсалысты.
Сенбілік барысында жалпы 30 гектардан астам аумақ тазартылды. Жұмыстарға 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 50 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық белгіленген орындарға шығарылды. Сонымен қатар қоршаулар мен аялдамалар, ескерткіштер мен аллеялардың аумақтары ретке келтіріліп, 2 шақырымнан астам арық-атыз тазаланды. Көшелер мен қоғамдық орындардағы арамшөптер шабылып, жасыл желектер суарылып, ағаштар әктелді.
Тазалық шарасына қала әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, қалаға кіреберістегі көпір маңында ардагерлермен бірге көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Аталған аумаққа алдын ала арнайы дайындалған, тамыр топырағы сақталған ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар қаланың кіреберіс бөлігін абаттандырып, жасыл желек көлемін арттыруға бағытталған.
Қала басшысы сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатқан орындарды аралап, тазалық барысымен бақылады. Жауапты сала басшыларына қоғамдық орындардың тазалығын тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындардың тазалық мәдениетін арттыру және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру міндетін жүктеді.
Бірқатар көшелерде тұрғындардың сенбілікке белсенді қатысып, өз аулалары мен көшелерінің тазалығына атсалысқаны қуантады. Дегенмен, қаланың таза әрі көрікті болуы үшін мұндай жұмыстарға тұрғындардың барынша көптеп қатысуы маңызды.
Тазалық – баршаға ортақ міндет. Сондықтан қала тұрғындарын өз аулалары мен көшелерінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, алдағы тазалық шараларына да белсенді қатысуға шақырамыз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1295630?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді