
МДШОБ Кәлпе орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Абдрахманов Қуаныш Жанатұлы 17–18 қыркүйек күндері Жаңаталап ауылында өткен «Үздік сынып жетекші – 2026» байқауында жүлделі БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды!
Бұл — ұстаздың кәсіби шеберлігі, ізденісі мен еңбегінің жемісі!
Құрметті Қуаныш Жанатұлы,
Сізді осы тамаша жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Облыстық кезеңде де биіктен көрініп, жеңіспен оралуыңызға, республикалық деңгейде Кәлпе орта мектебінің абыройын асқақтатуыңызға тілектеспіз!
Әр жетістігіңіз — шәкірттеріңізге үлгі, әр жеңісіңіз — мектебіміз үшін мәртебе!
Сәттілік пен жеңіс серік болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1295720?lang=ru

Жауап қалдыру