
ЖОО студенттерімен құқықтық-ағартушылық кездесу
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік Рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясымен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігі жоғары оқу орнының студенттеріне арналған құқықтық-ағартушылық іс-шара өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің адам құқықтары мен бостандықтары және оларды қорғаудың қолданыстағы тетіктері туралы хабардарлығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға адам құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары, құқықтық көмекке жүгіну мүмкіндіктері, сондай-ақ жастардың адам құқықтары мен азаматтық құндылықтарды ілгерілетудегі рөлі туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында студенттермен ашық диалогқа ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісіп, өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Осындай құқықтық-ағартушылық кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін дамытуға және белсенді құқықтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1296266?lang=ru

Жауап қалдыру