Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мәселелері бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбек күнін мерекелеу аясында еңбекті дәріптеу және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтардың беделін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне еңбек заңнамасының талаптарын, жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мәселелері бойынша семинар өтті.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтардың беделін арттыруға және медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ еңбек кепілдіктерін сақтау бойынша өзекті мәселелер түсіндірілді. Еңбек мәдениеті, жауапкершілік және медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметінің маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шараға 50 адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1295737?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді