📚 Ақтөбеде жаңа оқу корпусының құрылыс барысы БАҚ өкілдеріне таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚 Ақтөбеде жаңа оқу корпусының құрылыс барысы БАҚ өкілдеріне таныстырылды

🎥 Ақтөбе қаласы, Шернияз көшесі, 29 мекенжайында №22 мектептің ғимаратына салынып жатқан қосымша жаңа оқу корпусының құрылысына пресс-тур ұйымдастырылып, нысанның құрылыс барысы мен жоспарланған мүмкіндіктері таныстырылды.

🏢 Үш қабатты оқу корпусында оқу кабинеттері, шеберханалар мен зертханалар, кітапхана, спорт залы, асхана, медициналық пункт және басқа да қажетті бөлмелер қарастырылған. Сыныптар 25 оқушыға есептеліп, оқу кабинеттері қажетті технологиялық жабдықтармен және санитариялық талаптарға сәйкес жиһаздармен қамтамасыз етіледі.

✨ Сонымен қатар, кітапханада мектеп және көркем әдебиеттерді сақтауға арналған жабық және ашық қор қарастырылған. Оқу залында екі орындық үстелдер мен кітап сөрелері орналастырылады.

🔹 Жаңа оқу корпусы білім беру ұйымының мүмкіндіктерін кеңейтіп, оқушыларға заманауи әрі қолайлы білім алу ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-saulet/press/news/details/1296488?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді