Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінде білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Жиында білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Жігерқызы оқушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобустардың техникалық және санитарлық талаптарға сәйкестігі, жүргізушілердің жауапкершілігі, балаларды отырғызу және түсіру орындарының қауіпсіздігі, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің сақталуы жан-жақты қаралды.
Оқушыларды тасымалдау жұмысының сапалы әрі қауіпсіз ұйымдастырылуы – ата-ана, мектеп және жауапты қызметкерлердің бірлескен міндеті.
Қауіпсіз мектеп жолы – бала өмірінің сенімді қорғаны! 
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-bokeyorda/press/news/details/1296436?lang=kk

Жауап қалдыру