288 млн теңгенің вейптері тұтынушыларға жетпеді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Вейп – темекіге зиянсыз балама емес. Құрамында никотин бар өнімдер тәуелділік туғызады және әсіресе жастар үшін қауіпті, жаңа тұтынушылардың никотинге тәуелді болуына ықпал етеді.

Осыған байланысты мемлекет тарапынан вейптерді, сондай-ақ олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге тікелей тыйым салынған.

Қостанай облысында тыйым салынған өнімдерді заңсыз әкелу арнасының жолы кесілді. Облыстың Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, заңсыз айналымнан 28 829 дана вейп тәркіледі.

Партияның нарықтық құны шамамен 288 млн теңгені құрады.

2026 жылғы 18 қыркүйекте Қостанай облысы прокуратурасының үйлестіруімен барлық партия Солтүстік өнеркәсіптік аймағындағы арнайы алаңда жойылды.

Тыйым салынған өнім тұтынушыға жеткен жоқ.

Бұл – «Заң мен Тәртіп» қағидатының нақты жүзеге асуы: заңсыз арналарды дер кезінде анықтау, тыйым салынған өнімдердің таралуына жол бермеу және халықтың денсаулығын қорғау.

Облыс прокуратурасы вейптердің заңсыз айналымына тосқауыл қою бойынша құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіруді жалғастырады.

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1296127?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді