Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылға арналған үлгілік іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

🔸 Кездесу барысында қызметте және қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілерге қойылатын мінез-құлық талаптарын түсіндірді. Атап айтқанда, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау, іскерлік киім үлгісін сақтау, мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау, еңбек тәртібі, үстеме жұмыс, жол жүру ережелерін сақтау, қызметтік автокөлікті мақсатты пайдалану, қоғамдық тәртіпті сақтау, құмар ойындарға, интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға тәуелділікті болдырмау және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын ұстану қажеттігі ескертілді.
🔹 Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, мүдделер қақтығысына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1296706?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді