
Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастарына қатысты мәселелерді көтерді.
Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындарға тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлімдерге көтерілген мәселелерді пысықтап, қажетті шаралар қабылдау бойынша тапсырмалар жүктелді. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге немесе Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайындағы Әуезов ауданы әкімі аппаратына келіп жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1296871?lang=ru

Жауап қалдыру