
22 қыркүйекте Шанхай қаласында кәсіби шеберлік бойынша WorldSkills әлем чемпионатының 48-ші кезеңі басталады. WorldSkills Competition аясында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 1400 жас маман 64 құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін сынайды.
Әлемдік аренадағы әрбір өнер көрсетудің артында бірнеше айға созылған тынымсыз дайындық, сан мәрте өткізілген жаттығулар, қателермен жұмыс және кәсіби шеберлікті жетілдіруге деген ұмтылыс жатыр. Чемпионат жас мамандарға өз елін таныстырып, кәсіби деңгейін халықаралық аренада көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында Ақмола облысының атынан Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледждің студенттері Роман Сапов пен Артём Шишканов өнер көрсетеді. Олар «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша бақ сынайды. Команда жетекшісі – арнайы пәндер оқытушысы Рустем Сергеевич Ковалев.
WorldSkills Shanghai 2026 чемпионаты 27 қыркүйекке дейін жалғасады. Алда қатысушыларды бірнеше күнге созылатын қарқынды бәсеке, күрделі тапсырмалар мен кәсіби шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды кезең күтіп тұр.
Роман мен Артёмге сәттілік, сенімділік, төзімділік және командалық үйлесім тілейміз! Жас мамандардың білімі мен шеберлігі Елімізді әлемдік аренада лайықты танытуға өз үлесін қоссын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1296527?lang=ru

Жауап қалдыру