Ақтөбе, Нұрым ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басши ауылдық округінің әкімі Ақтөбе және Нұрым ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасу, елді мекендердегі өзекті мәселелерді талқылау, тұрғындардың ұсыныс-тілектері мен өтініштерін тыңдау және оларды шешу жолдарын қарастыру.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымдық жағдайына, абаттандыру, жол, ауызсу, жарықтандыру, тазалық және басқа да өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Ауыл әкімі тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме берді. Сонымен қатар, шешуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, жауапты мекемелермен бірлесіп қарастырылатынын атап өтті.

Мұндай тұрақты кездесулер тұрғындар мен жергілікті атқарушы орган арасындағы өзара байланысты нығайтып, ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен мәселелерін дер кезінде зерделеуге мүмкіндік береді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындармен кері байланысты тұрақты түрде қамтамасыз ету және көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстау жөнінде тиісті жұмыстар жалғастырылатын болады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-basshi/press/news/details/1297048?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді