Ауыл ақсақалдарына интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түпқараған ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Д. Гайнуллин ауыл ақсақалдарымен кездесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндірілді. Полиция қызметкері күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар тұрғындарға бейтаныс сілтемелерге өтпеу және жеке мәліметтерді қорғау жөнінде кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1297038?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді