
Қабылдауды Департамент басшысы Манабаева Гүлбахыт Хакимовна өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік қорғау саласына қатысты мәселелерін айтып, сауалдарын жолдады. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.
Қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.
Департамент басшысының қабылдау уақыты: сейсенбі 15:00-ден 17:00-ге дейін.
Басшының қабылдауына жазылу үшін 46-10-65 нөміріне хабарласыңыз; сондай-ақ «E-Otinish» жүйесіндегі жеке кабинетіңіз арқылы да жазылуға болады.
https://www.instagram.com/reel/Ddls3A-o9Rn/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1296740?lang=ru

Жауап қалдыру