
Бейнеу ауданының полицейлері республикалық маңызы бар автожолға жақын орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, мал иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — малдың автожолға шығып кетуінен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлері мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмау, оның автожолдың жүру бөлігіне және жол жиегіне шығып кетуіне жол бермеу қажеттігін түсіндірді.
Сонымен қатар малды ұстау және айдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, жол қозғалысына қауіп төндірмеу жөнінде ескертілді.
Бейнеу ауданының Полиция бөлімі мал иелерін жауапкершілік танытып, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1296806?lang=ru

Жауап қалдыру