Дүниежүзілік тазалық күні

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 

🌲 «Дүниежүзілік тазалық күні» (World Cleanup Day) халықаралық экологиялық акциясы аясында Чистопол ауылдық округінде экологиялық жағдайды жақсартуға және оны абаттандыруға бағытталған сенбілік өтті.
Маңызды іс-шаралардың бірі қарағай, қайың және көктерек көшеттерін отырғызу болды. Жаңа ағаштар көшенің сәнін келтіріп, ауылдың жасыл желегіне айналады, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосады.
Экологиялық акцияға ауылдық округтің ұйымдары қатысты. Қатысушылар күш біріктіре отырып, аумақты көгалдандыруға және тұрғындар үшін жайлы жағдай жасауға атсалысты.🌱 Мұндай іс-шаралар табиғатқа деген қамқорлық әрқайсымыздан басталатынын еске салады. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз туған өлкемізді бұдан да таза, жасыл әрі жайлы ете аламыз.
Ауылымыздың тазалығы мен сұлулығы — баршамызға ортақ іс!
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/1296131?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді