
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акция өтті.
Оған Құрылтай депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары,ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департамент және инспекция басшылары мен қызметкерлері, еріктілер, эко белсенділер, жастар ұйымдары және студенттер қатысты.
Акцияның мақсаты – жұртшылықты ортақ іске жұмылдыру, экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны қоқыстан тазарту және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.
Осыған орай, басқарма мен басқармаға қарасты мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Қайсар Арена» стадионында жаппай сенбілік, тал егу шаралары өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1296851?lang=ru

Жауап қалдыру