ГАЗ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ГАЗДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ АСПАПТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА ТАЛАПТАР

2026 ЖЫЛҒЫ 24 ТАМЫЗДАН БАСТАП НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

2026 жылғы 24 тамыздан бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Оларға сәйкес тауарлық газды есепке алу аспаптары деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етуге және белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

2026 ЖЫЛҒЫ 24 ТАМЫЗДАН КЕЙІН ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР АЛҒАН ЖАҢА ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН

2026 жылғы 24 тамыздан кейін техникалық шарттар алған барлық жаңа тұтынушылар деректерді қашықтан беру функциясы бар smart газ есептегіштерін нарықтан өз қаражаты есебінен сатып алуға тиіс.

Маңызды: газ тарату ұйымының қаражаты есебінен есепке алу аспаптарын ауыстыру жаңа талаптар күшіне енгенге дейін газ желілеріне қосылған тұрмыстық тұтынушылар үшін ғана көзделген.

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН

Барлық қолданыстағы өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін өздерінің газды есепке алу аспаптарынан деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етуі тиіс.

SMART ЕСЕПТЕГІШ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Деректерді қашықтан бөлу функциясы бар есепке алу аспабы көрсеткіштерді тұрақты түрде қолмен беру қажеттілігінсіз газ тұтыну туралы мәліметтерді автоматты түрде беруге мүмкіндік береді.

НЕГІЗДЕМЕ

  • Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 322-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.
  • Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңы.
  • Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы.

QAZAQGAZ AIMAQ

Жаңа технологиялар – көбірек ыңғайлылық, ашықтық және сенімділік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1297152?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді