ИЗВЕСТНЫЕ КАЗАХСТАНСКИЕ СПОРТСМЕНЫ ВОШЛИ В СОСТАВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстанның белгілі спорт саңлақтары мен спорт федерацияларының басшылары Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына енді.

Олардың қатарында күрестен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Ислам Байрамуков, күрестен Атланта Олимпиадасының жеңімпазы, әлем және Азия чемпионы Юрий Мельниченко, ММА, панкратион және жауынгерлік джиу-джитсудан әлем чемпионы Василий Тахтай, ММА шебері, грепплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсудан қара белдік иегері Нұрсұлтан Орынбасаров, сондай-ақ жеңіл атлетикадан Азия және Азия ойындарының қола жүлдегері Ирина Эктова бар. Сонымен қатар Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев, Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, көркем гимнастикадан Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Әлия Юсупова және Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы Нұргүл Ұлжекова да Кеңес құрамына енді.

Еліміздің атын халықаралық аренада танытып, спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізген саңлақтар бүгінде қоғамдық өмірге де белсенді араласып келеді. Ал спорт федерацияларының басшылары саланың дамуына үлес қосып, спортшылардың кәсіби даярлығы мен жарыс үдерісін ұйымдастыру бағытында мол тәжірибе жинақтаған. Олардың білімі мен тәжірибесі Кеңес жұмысына өз үлесін қосары сөзсіз.

Айта кетейік, Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына спорт саласының өкілдерімен қатар, түрлі бағыттағы қоғам мүшелері де енді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1296783?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді