
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Н.С. Кожабекова облыс әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жанындағы штаб отырысына қатысты.
Отырыс барысында тәуекел тобындағы балалармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар, бақылау парақтары арқылы жүзеге асырылған мониторинг нәтижелері, «қызыл аймақтағы» балаларға көрсетілетін медициналық-психологиялық сүйемелдеудің сапасы, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған цифрлық платформалардың тиімділігі талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын күшейту, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру және уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1296690?lang=ru

Жауап қалдыру