
📌 КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК
Камералдық бақылау — бұл салық органы тарапынан салық төлеушінің тікелей қатысуынсыз, салық есептілігі мен басқа да бар мәліметтерді талдау негізінде жүргізілетін бақылау.
🔎 Салық органы нені тексереді?
Мәліметтер салыстырылады:
– салық есептілігі мен салық органдарында бар мәліметтер;
– мемлекеттік ақпараттық жүйелердің және басқа да мемлекеттік органдардың деректері;
– салық төлеушінің қызметі туралы түрлі дереккөздерден алынған ақпарат.
📩 Егер алшақтықтар анықталса
Салық төлеушіге алшақтықтар туралы хабарлама жіберіледі, Салық кодексінде көзделген жекелеген жағдайларды қоспағанда.
Хабарламаны алғаннан кейін екі негізгі нұсқа бар:
✅ Алшақтықтармен келіссеңіз
Анықталған бұзушылықтарды жою қажет: тиісті салық есептілігін ұсыну, қажетті салықтар мен өсімпұл сомаларын төлеу не заңнамада көзделген әрекеттерді жасау.
❌ Алшақтықтармен келіспесеңіз
Салық органына келіспеу себептерін көрсетіп, бар болса, растайтын құжаттардың тізбесін қоса отырып, түсініктеме ұсынуға болады.
⚠ Маңызды: хабарламаны орындау кезінде салық органы түсініктеме беру үшін құжаттарды талап етуге құқылы емес.
🚫 Бірақ ерекшеліктер бар
Заңнамада түсініктеме беруге болмайтын жағдайлар көзделген, атап айтқанда жалған мәмілелерге, жарамсыз мәмілелерге немесе жұмыстардың нақты орындалмауына, қызметтердің көрсетілмеуіне не тауарлардың тиеп-жөнелтілмеуіне байланысты белгілі бір операциялар бойынша.
⚖ Бұл ретте егер сот тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді іс жүзінде сатып алу фактісін анықтаса, көзделген шектеу қолданылмайды.
⏳ Хабарлама орындалмаса не болады?
Хабарлама орындалмаған жағдайда Салық кодексінде көзделген шаралар қолданылуы мүмкін, оның ішінде:
🏦 банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
🧾 электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру;
🌐 жекелеген жағдайларда — шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және интернет-алаңына қолжетімділікті шектеу.
🔔 Сонымен қатар, егер хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаса не түсініктемеде көрсетілген себептердің дұрыстығын растау қажет болса, салық органы анықталған алшақтықтар бойынша салықтық тексеру жүргізуге құқылы.
💡 Басты қағида: алшақтықтар туралы хабарлама алсаңыз — оған назар аудармай қоймаңыз. Алдымен көрсетілген алшақтықтарды мұқият зерделеп, себебін анықтап, хабарламаны уақытылы орындаңыз не дәлелді түсініктеме беріңіз.
📚 Салықтық рәсімдерді білу бизнеске салық органдарының талаптарына уақытылы ден қоюға және салықтық даулардың тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1296778?lang=ru

Жауап қалдыру