Оян орта мектебі құрамасы шебер де тартысты ойын көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубының ұйымдастыруымен Бастөбе ауылдық округі бойынша жасөспірімдер арасында футболдан жарыс өтті!Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткен тартысты додада мектебіміздің Оян орта мектебі құрамасы шебер де тартысты ойын көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады!  Шәкірттерімізді жарысқа баптап, жеңіске жетелеген жетекшісі — Умералиев Дамир ағайды және мектеп құрамасының жас футболшыларын жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда тек биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1296504?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді