
«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған мандатқа жататын мекемелер мен өзге де ұйымдарға бару жоспарына» сәйкес, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі, өкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің сарапшысы Г. Ниязовамен бірлесіп Кентау қаласы, М. Шоқай көшесінде орналасқан Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының №11 шұғыл көмек көрсету бөлімшесіне барды.
Барудың мақсаты – бөлімшеде ем қабылдап жатқан пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, сондай-ақ психиатриялық көмек көрсету барысында заңнамада көзделген кепілдіктердің орындалуына мониторинг жүргізу.
Мониторинг барысында пациенттердің жатын орындарымен, тамақтанумен, медициналық көмекпен және тиісті санитариялық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ мекеме қызметкерлері тарапынан көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы зерделенді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1296684?lang=ru

Жауап қалдыру