
2026 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында республика көлемінде «Қауіпсіздік коды: 102-111-150» атты профилактикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету жолдары туралы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Осыған орай, Алматы қаласы Полиция департаментінің Алмалы аудандық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері акция аясында тұрғындар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Іс-шара барысында азаматтарға отбасылық жанжалдардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, құқықтық қорғау тетіктері, сондай-ақ қиын жағдай туындаған кезде жедел көмекке жүгіну жолдары түсіндіріледі.
102 – полицияның жедел басқару нөмірі,
111 – балалар мен отбасы мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы,
150 – зорлық-зомбылық құрбандарына арналған ұлттық сенім телефоны.
Қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамай, дер кезінде көмекке жүгіну – құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды қадамы.
Алмалы аудандық полиция басқармасы азаматтарды акцияға белсенді қатысуға және өз құқықтары мен қауіпсіздігі туралы ақпаратты білуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1297149?lang=ru

Жауап қалдыру