Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында медицина ұйымының дәрігерлерімен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 16-18 қыркүйекте Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидалары» бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар, мүгедектіктің адамның тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған жағдайда ғана тағайындалатындығы, № 031/е нысаны негізсіз рәсімделген жағдайларда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыс бойынша   департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін  ақпараттық хаттар жолданатындығы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1296451?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді