
2026 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми практикалық конференция мен салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлері, Тексеру комиссияларының төрағаларымен қатар шетелдік қонақтар, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің, Құрылтайдың, Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Конференцияда мемлекеттік секторға жасанды интеллектіні енгізу мен пайдалану кезінде қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Одан кейінгі салтанатты шарада мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында көп жылғы қажырлы еңбегі үшін қызметкерлерге «Парасат» және «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасы Президенті атынан алғыс хаттарымен және мерейтойлық ведомстволық наградалары табысталды.
Соның ішінде, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Н.Қонысов сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының рөлін нығайтуға елеулі үлес қосқаны, қаржылық бұзушылықтардың алдын алуда, жолын кесуде және анықтаудағы белсенді жұмысы, қызметтік міндеттерін үлгі етіп орындауы және аумақтың экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-revkom/press/news/details/1296819?lang=ru

Жауап қалдыру