Қазақстанда наркоқылмысқа қатысты 69 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда наркоқылмысқа қатысты 69 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды, олардың 52-сі ұл бала және 17-сі қыз бала.

Олардың ішінде 40 жасөспірім есірткі сатты деген күдікке ілініп отыр, 27-сі аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін, ал екеуі жарнамалау мен насихаттау бойынша ұсталған.

Бұл ретте ІІМ ата-аналарды балалардың мінез-құлқындағы күрт өзгерістерге, қымбат заттардың пайда болуына, күмәнді хат алмасуларға және түйіншектер, пакеттер, электронды таразы сияқты заттарға ерекше мән беруге шақырды.

Айта кетейік, наркоқылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.

Сондай-ақ оқу жылы басталғалы бері полиция мектептер мен өзге де оқу орындарында 16 мың профилактикалық іс-шара өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1296900?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді