
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері арасында 2026 жылға арналған атыс даярлығы бойынша жыл сайынғы қорытынды емтихан өткізілді.
Сынақтың негізгі мақсаты — қызметкерлердің атыс даярлығы деңгейін, қаруды қауіпсіз әрі дұрыс қолдану дағдыларын, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау барысында жедел әрекет ету қабілетін бағалау.
Емтихан барысында қызметкерлер Макаров тапаншасынан ату бойынша жаттығулар орындады. Қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және нысанаға дәл тигізуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қаруды қабылдау және атысқа дайындау, оны қолдану, сондай-ақ жаттығуды орындағаннан кейін қауіпсіздік шараларын сақтау дағдылары тексерілді.
Атыс даярлығы — қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби даярлығының негізгі бағыттарының бірі. Қорытынды сынақ қызметкерлердің практикалық дағдыларын және қызметтік міндеттерді орындауға дайындығының деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.
Қызметтік даярлықты жүйелі түрде жетілдіру — жоғары кәсібиліктің және қойылған міндеттерді сапалы орындаудың маңызды құрамдас бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1296438?lang=kk

Жауап қалдыру