
Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сіздерге 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10-00-де (Астана қаласының уақыты бойынша) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында бағаны арттыру әдісімен жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды www.gosreestr.kz (бұдан әрі – Портал).
Аукционға қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес беріледі. Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілім веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.
Аукционға қатысу үшін тізілім веб-порталында мынадай мәліметтерді көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекенжай, телефон, факс, e-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған қатысуға өтінімді тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.
Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталы қатысушының тізілім веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны не оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша аукцион залында сату объектісінің бастапқы бағасын автоматты түрде орналастыру арқылы басталады. Әрбір сатылған объект бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық өткізілген күні тізілім веб-порталында сатушы мен жеңімпаздың ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қоюы арқылы аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты тізілім веб-порталында электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ
БСН: 050540004455; ТТК: 171; БеК: 16.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК):
KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.
Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған өтінішті бірыңғай операторға берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Бағаны арттыру әдісімен электрондық сауда-саттыққа (аукционға) мынадай сату объектілері қойылады:
|
Лот № |
Учаскенің орналасқан жері |
Бас жоспар мен ЕЖЖ-ға сәйкес нысаналы мақсаты |
Алаңы, га |
Жыл сайынғы жер салығы/ Жалдау ақысы |
Құқық түрі |
15% мөлшеріндегі, бірақ 50 АЕК-тен кем емес кепілдік жарна |
Бастапқы құны |
|
1 |
Шахтинск қаласы, «Энтузиаст» гараж қоғамы, жер учаскесі №2239 |
Гараж салу және оған қызмет көрсету |
0,0048 |
433 |
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (5 жыл) |
216 250 |
16 374,53 |
|
2 |
Шахтинск қаласы, Долинка кенті, 047 есептік орам, №3 жер учаскесі |
Қоймасы бар сауда үй-жайын салу және оған қызмет көрсету |
0,0213 |
1468 |
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (5 жыл) |
216 250 |
26 326, 80 |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zem-shahtinsk/press/news/details/1296516?lang=ru

Жауап қалдыру