Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл басынан бері Шымкент қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 9 кортеж тоқтатылып, 120-ға жуық автокөлік айыптұраққа қойылған.

Кортежге қатысқан 22 жүргізуші әкімшілік қамаққа алынды. Оның ішінде 12 адам жол үстіндегі ұсақ бұзақылық үшін қамалған.
Сонымен қатар, 18 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды.

Осы орайда, ПОЛИЦИЯ ЕСКЕРТЕДІ:
Той-томалақты «ерекше» өткізу немесе әлеуметтік желіде көп қаралым жинау үшін қоғамдық жолдарда қауіпті маневрлер, дрифт жасауға, жолды көлікпен әдейі жабуға жол берілмейді.

Көлікпен жасалған әрбір қауіпті әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Полиция мұндай құқық бұзушылықтарға қатаң шара қолданады.
Дрифт жасау, жолды жабу және қоғамдық тәртіпті бұзудың әрбір дерегі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «ұсақ бұзақылық» ретінде сараланып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Көлік құралдары міндетті түрде арнайы айыптұраққа қойылады.

Полиция қаладағы бейнебақылау камералары арқылы жолдарды үнемі бақылап отырады және әлеуметтік желілерге мониторинг жасайды.

Кез келген құқық бұзушылық назардан тыс қалмайды.
Есте сақтаңыз: жол – ойын-сауық орны емес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1296491?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді