21 қыркүйек күні «Студенттер сарайы» ғимаратында Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының 15 жылдық мерейтойына арналған қорытынды салтанатты шара өтті.
Мерейтойлық жиынға Тексеру комиссиясының төрағасы М.О.Қалдарбеков, Тексеру комиссиясының бұрынғы қызметкерлері мен барлық ұжым қатысты.
Төраға М.О.Қалдарбеков өз сөзінде барлық жиынға қатысушыларды Тексеру комиссиясының 15 жылдығы мерекесімен құттықтап, он бес жыл – ұжымның қалыптасуы, кәсіби тәжірибенің жинақталуы және талай маманның қызметтік жолы қалыптасқан маңызды белес. Осы жылдар ішінде Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, мемлекеттік қаржының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын бақылау бағытында маңызды жұмыстар атқарып келеді.
Өздеріңіз білетіндей, 10 қыркүйек күні «Тексеру комиссияларының қызметін жетілдірудің негізгі мәселелері» тақырыбындағы семинар-кеңесіміз өтіп, ол кеңеске Жоғары аудиторлық палатадан және өңірлердегі 16 тексеру комиссиясының төрағалары бас қосты және бұл бас қосу өзара тәжірибе алмасып, кәсіби байланысты нығайтуға жақсы мүмкіндік болды. 11 қыркүйек күні «Достық үйі» ғимаратында облыс әкімінің қатысуымен салтанатты шара аталып өтті.
Осы айтулы шараларды ұйымдастыруға және жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан барша әріптестеріне алғысын білдірді.
Мерейтойлық шара барысында мемлекеттік аудит саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен қызметкерлер мен Тексеру комиссиясының бұрынғы қызметкерлері мен бірқатар мамандар «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгісімен, Жоғары аудиторлық палата төрағасының құрмет грамотасымен, Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының 15 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медальмен және Тексеру комиссиясы төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жауап қалдыру