Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТОГРАММАСЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ

КАРТОГРАММАСЫ

2026 жыл

Ішкі талдау материалдары негізінде әзірленді

 

Түс

Деңгей

Картограммадағы мағынасы

Қызыл

ЖОҒАРЫ

Басқарушылық шешімдер және жоғары дискрециясы бар функциялар

Сары

ОРТАША

Орындаушылық және рәсімдік функциялардағы тәуекелдер

Жасыл

ТӨМЕН/анықталмаған

Материалдарда жеке тәуекел фактілері анықталмаған бағыттар

 

 

  1. Картограмманың мақсаты

Картограмма Т.Рысқұлов ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарда жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін бір жүйеге келтіру, тәуекелдердің негізгі шоғырлану аймақтарын, тәуекелге шалдыққан лауазымдарды және оларды төмендету бағыттарын көрнекі түрде көрсету мақсатында әзірленді.

  1. Аудан бойынша негізгі тәуекел картасы

№

Тәуекел аймағы

Негізгі тәуекел

Деңгейі

Негізгі салалар

1

Басқарушылық шешімдер қабылдау

Жеке мүдделілікке байланысты қызметтік өкілеттіктерді пайдалану

ЖОҒАРЫ

Барлық талданған бөлімдердің басшылары

2

Мемлекеттік сатып алу

Жоспарлау, рәсімдерді өткізу, мердігерлермен жұмыс, шарттардың орындалуын бақылау

ЖОҒАРЫ

ТҮКШ ЖК және АЖ, экономика, құрылыс, қаржы және т.б.

3

Бюджетті жоспарлау және қаражатты игеру

Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, жобаларды іріктеу, қаржыландыру, игеру

ЖОҒАРЫ

Экономика және бюджеттік жоспарлау, ТҮКШ және басқа бөлімдер

4

Мемлекеттік тұрғын үйді бөлу

Кезекке қою, тұрғын үй беру, жекешелендіру, комиссия материалдары

ЖОҒАРЫ

ТҮКШ, ЖК және АЖ

5

Мемлекеттік бақылау және жұмыстарды қабылдау

Тексеру, актілер мен нұсқамалар, сметаларды келісу, орындалған жұмысты қабылдау

ЖОҒАРЫ

ТҮКШ, ЖК және АЖ, құрылыс

6

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қызмет көрсету мерзімдері мен рәсімдерін сақтау,

ЭЦҚ-ны пайдалану

ОРТАША/ЖОҒАРЫ

ТҮКШ, экономика, құрылыс және т.б.

7

Мүдделер қақтығысы

Мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу

ОРТАША

Барлық бөлімдер

8

Кадрлық және еңбек қатынастары

Жұмысқа қабылдау, жұмыс уақытын есептеу, еңбекке ақы төлеу

ОРТАША

Талданған бөлімдер

9

Құжат айналымы және ЭЦҚ

Құжаттарды тіркеу, журналдарды жүргізу, электрондық қолтаңбаны пайдалану

ОРТАША

Талданған бөлімдер

10

Әкімшілік рәсімдер және азаматтарды қабылдау

Өтініштерді қарау, жеке қабылдау және рәсімдік талаптарды сақтау

ОРТАША

Бірқатар бөлімдер

11

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс

Конкурстық рәсімдер және әлеуметтік тапсырыс қаражатын пайдалану

ОРТАША

Тиісті бөлімдер

12

Ақпараттық жүйелер

Логин/пароль, ЭЦҚ және ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті бөлу

ОРТАША

Талданған бөлімдер

 

 

  1. Бөлімдер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы

 

Мемлекеттік орган/бөлім

Жалпы тәуекел аймағы

Негізгі тәуекелдер

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

🔴 ЖОҒАРЫ

Мемлекеттік сатып алу; мемлекеттік тұрғын үй беру; жекешелендіру; орындалған жұмыстарды қабылдау; тексеру актілері мен нұсқамалар; жөндеу сметаларын келісу, мердігерлерді бақылау; бюджет қаражатын игеру; инфрақұрылымға қатысты функциялар.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

🔴 ЖОҒАРЫ

Мемлекеттік қолдау; субсидиялар мен гранттар; кәсіпкерлік жобаларды іріктеу; инвестициялық жобаларды сүйемелдеу; мемлекеттік бағдарламаларға қатысушыларды анықтау; рұқсат беру рәсімдері; мемлекеттік сатып алу.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

🔴 ЖОҒАРЫ

Сәулеттік-жоспарлау тапсырмалары; құрылыс жобаларын келісу; құрылысқа рұқсат беру; жобалау-сметалық құжаттаманы келісу; құрылыс сапасын бақылау; объектілерді пайдалануға қабылдау.

Қаржы бөлімі

🔴 ЖОҒАРЫ

Бюджетті жоспарлау және атқару; қаржыландыру; төлем құжаттарын қарау; бухгалтерлік және қаржылық есеп; дебиторлық және кредиторлық берешекті бақылау; мемлекеттік сатып алулар бойынша төлемдер; бюджет қаражатын игеру.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

🔴 ЖОҒАРЫ

Атаулы әлеуметтік көмек; әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар; жұмыспен қамту бағдарламалары; қоғамдық жұмыстар; әлеуметтік жобалар; мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражат бөлу; азаматтардың өтініштерін қарау.

Құлан ауылдық округі

🟡 ОРТАША

Мемлекеттік сатып алу; бухгалтерлік есеп; мүлікті есепке алу; кадрлық жұмыс; құжат айналымы; азаматтардың өтініштері.

Абай ауылдық округі

🟡 ОРТАША

Мемлекеттік сатып алу; бухгалтерлік есеп; мүлікті есепке алу; кадрлық жұмыс; құжат айналымы; азаматтардың өтініштері.

Көкдөнен ауылдық округі

🟡 ОРТАША

Мемлекеттік сатып алу; бухгалтерлік есеп; мүлікті есепке алу; кадрлық жұмыс; құжат айналымы; азаматтардың өтініштері.

Жаңатұрмыс ауылдық округі

🟡 ОРТАША

Мемлекеттік сатып алу; бухгалтерлік есеп; мүлікті есепке алу; кадрлық жұмыс; құжат айналымы; азаматтардың өтініштері.

Ақниет ауылдық округі

🟡 ОРТАША

Мемлекеттік сатып алу; бухгалтерлік есеп; мүлікті есепке алу; кадрлық жұмыс; құжат айналымы; азаматтардың өтініштері.

Ақыртөбе ауылдық округі

🟡 ОРТАША

Мемлекеттік сатып алу; бухгалтерлік есеп; мүлікті есепке алу; кадрлық жұмыс; құжат айналымы; азаматтардың өтініштері.

  1. Тәуекелге шалдыққан лауазымдар

Лауазым

Тәуекелді өкілеттіктер

Деңгейі

Округ әкімі

Басқарушылық шешімдер қабылдау, қаржылық, экономикалық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру

ЖОҒАРЫ

Бөлім басшысы

Басқарушылық шешімдер қабылдау, қаржылық, экономикалық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру

ЖОҒАРЫ

Сектор меңгерушісі

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, жұмыстарды қабылдау, мердігерлердің қызметін бақылау, бюджет қаражатын игеру

ОРТАША

Мемлекеттік қызмет көрсететін бас маман

Тұрғын үй кезегін жүргізу, тұрғын үй беру, мемлекеттік қызметтер көрсету, өтініштерді қарау

ОРТАША

Қаржы/бухгалтерлік функцияларды атқаратын маман

Бюджетті жоспарлау және орындау, бухгалтерлік есеп жүргізу, мемлекеттік сатып алу, еңбекақы төлеу және тауарлық-материалдық қорлар (ТМҚ) есебі

ОРТАША

Бақылау/мониторинг функцияларын атқаратын маман

Тексеру жүргізу, мониторинг, актілер мен нұсқамалар рәсімдеу, олардың орындалуын бақылау

ОРТАША

 

 

  1. Нақты анықталған тәуекелдер мен себептер

Бағыт

Анықталған жағдай

Тәуекелді жою шарасы

Мемлекеттік қызмет көрсету

Ммемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және қызметкер жұмыс орнында болмаған кезде оның ЭЦҚ-сын пайдалану фактілері анықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын және ЭЦҚ-ны пайдаланудың заңдылығы мен дербестігін бақылауды күшейту.

Мемлекеттік сатып алу

Бөлімдерде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына бірнеше рет өзгерістер енгізілгені, сондай-ақ шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау бойынша кемшіліктер анықталған.

Сатып алу жоспарына өзгерістер енгізудің негізділігін қамтамасыз ету және шарттардың орындалуын бақылауды күшейту.

Еңбек және кадрлық тәртіп

Бірқатар бөлімдерде еңбекке уақытша жарамсыздықты растайтын құжаттарсыз жұмысқа шығу, сондай-ақ жұмыс уақыты мен еңбек тәртібін сақтамауға байланысты фактілер анықталған.

Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын және жұмыс уақытын есепке алу мен бақылау жүйесін күшейту.

Құжат айналымы

Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналдарын белгіленген талаптарға сәйкес жүргізбеу, құжаттарды тіркеу, ЭЦҚ пайдалану және электрондық құжат айналымын жүргізу бойынша кемшіліктер анықталған.

Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналдарын белгіленген талаптарға сәйкес жүргізбеу, құжаттарды тіркеу, ЭЦҚ пайдалану және электрондық құжат айналымын жүргізу бойынша кемшіліктер анықталған.

Әкімшілік рәсімдер

Бірқатар бөлім басшыларының жеке қабылдауды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына сәйкес жүргізбегені анықталған.

Бірқатар бөлім басшыларының жеке қабылдауды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына сәйкес жүргізбегені анықталған.

  1. Тәуекелдерді төмендетудің аудандық басым шаралары
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарларын өзгерту, техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру және шарттардың орындалуын қабылдау кезеңдерінде ішкі бақылауды күшейту.
  • Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде шешім қабылдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету.
  • Тұрғын үй кезегіне қою, тұрғын үй беру және жекешелендіру процестерін құжатпен және ақпараттық жүйелер арқылы бақылауды күшейту.
  • Мемлекеттік бақылау және тексеру функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлердің шешімдерін құжаттық негіздеуді қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін автоматтандырылған бақылауға алу және қызметкердің ЭЦҚ кілтін басқа тұлғаға пайдалануға бермеу.
  • Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу бойынша тұрақты түсіндіру және ішкі бақылау жүргізу.
  • Құжат айналымын, номенклатуралық істерді, кіріс-шығыс журналдарын және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібін біріздендіру.
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі 2026 жылғы жоспардың әрбір тармағы бойынша орындалу мониторингін тұрақты жүргізу.
  1. Қорытынды

2026 жылғы II– III тоқсанына жүргізілген ішкі талдау материалдары негізінде Т.Рысқұлов ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі шоғырлану аймақтары басқарушылық шешімдер қабылдау, мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру, мемлекеттік тұрғын үйді бөлу, мемлекеттік бақылау және орындалған жұмыстарды қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету, мүдделер қақтығысы, құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану процестері болып айқындалады.

Картограммада көрсетілген тәуекел деңгейі нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының жасалғанын білдірмейді. Ол тиісті функциялар мен лауазымдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін сипаттайды.

Осыған байланысты негізгі міндет – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, шешім қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі бақылау тетіктерінің тиімділігін арттыру.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1296202?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді