«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар қаласында «Jasyl School: Табиғат сабағы» экологиялық іс-шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының штабы республикалық «ТазаҚазақстан» экологиялық акциясы аясында Павлодар монтаждау колледжінің базасында «Jasyl School: Табиғат сабағы» экологиялық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға колледж студенттерімен «ЖасылЕл» волонтерлері қатысып, жаңа білім алуға, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және экологиялық бағыттағы тақырыптық сынақтарға белсенді атсалысты. Іс-шара барысында қатысушылар үшін қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениет және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне арналған танымдық дәріс бөлімі ұйымдастырылды. Білім беру бөлімінен кейін қатысушылар интеллектуалдық, шығармашылық және практикалық тапсырмаларды қамтыған командалық сынақтарға қатысты. Іс-шараның басты ерекшелігі – қатысушыларға теориялық білім алып қана қоймай, оны экологиялық кейстермен командалық тапсырмаларды орындау барысында тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік берген интерактивті формат болды.

Қатысушылар экология саласындағы білімдерін сынап, тапқырлық пен креативтіліктерін көрсетіп, командалық жұмыс дағдыларын танытты. «Jasyl School: Табиғат сабағы» іс-шарасын өткізудің негізгі мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және жастарды экологиялық бастамаларға тарту.

Іс-шара табиғатты қорғау идеясын қолдайтын белсенді жастарды біріктіріп, қоршаған ортаны сақтауға әр адамның жеке үлесін қосуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Мұндайіс-шараларды өткізу жастар арасында экологиялық жауапкершілікті дамытуға, студенттерді табиғатты қорғау және волонтерлік қызметке тартуға, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мәселелерінде белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шараның жалпы қамтуы 20-дан астам адамды құрады.

Толық ақпаратты әлеуметтік желілердегі @jasylel_pvl парақшаларынан және 87773530704 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Павлодар облыстық «ЖасылЕл» штабының командирі – Нұрмұхамбетова Гүлнара.

#ТазаҚазақстан #ЖасылЕл #ТазаЕл

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1296417?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді