ТҰРҒЫНДАРМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Семей қ. 15-шағын ауд. №18, 18А, 20 және 20А үйлердің тұрғындарымен аулаларды абаттандыру және қауіпсіздік мәселелері бойынша көшпелі кездесу өткізілді.

Кездесуге Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов, «Әділет» партиясының өкілі, сондай-ақ Семей қаласы әкімдігінің бейінді бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Тұрғындар балалар ойын алаңының жоқтығы, аула жарықтандыруы, орындықтар мен қоқыс контейнерлерінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату мәселелерін көтерді.

Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, олардың шешу жолдары қаралатын болады.

Тұрғындарға «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыс жалғасуда!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1296604?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді