
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшесі Жұман Жансеріктің қатысуымен «Казатомпром-SaUran» ЖШС ұжымымен «Жастар таңдауы – Жаңа Конституцияның берік негізі» тақырыбында құқықтық ағарту іс-шарасы өткізілді.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуының маңызы түсіндірілді. Қатысушылармен пікір алмасу жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1296599?lang=ru

Жауап қалдыру