Жарнамалық бейне түсіру әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жарнамалық бейне түсіру әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқты

Әлеуметтік желіде жарияланған кезекті жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі ШҚО Полиция департаменті қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады.

Дүкенге арналған жарнамалық бейнеролик түсіру қатысушылардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуымен аяқталды. Көпшіліктің назарын аударып, әсерлі кадр түсіру мақсатында көлік жүріп бара жатқан сәтте жолаушы көліктің люгінен басын шығарған. Полиция қызметкерлері қатысушыларды жедел анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.

Haval Jolion автокөлігінің жүргізушісіне жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік салонынан тыс жерде болған жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 5-бөлігі бойынша жолаушының Жол жүрісі қағидаларында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін хаттама рәсімделді.

Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Көпшіліктің назарын аударып, вирустық контент жасауға деген ұмтылыс жол қозғалысы қағидаларын бұзуға себеп болмауы тиіс.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1296985?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді