
Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қала тұрғындарын «Чек талап ет — сыйлық ұтып ал!» акциясына қатысуға шақырады! 🎉
📅 Акцияның өткізілу кезеңі: 2026 жылғы 26 қыркүйектен 16 желтоқсанға дейін.
Қатысу шарттары өте қарапайым:
1. Сатып алу кезінде ККМ фискалдық чегін алыңыз.
2. Чекке өзіңіздің телефон нөміріңізді жазыңыз.
3. Чекті «ЦУМ» сауда үйінде орналасқан арнайы барабанға салыңыз.
4. Чек саны неғұрлым көп болса, ұтыс мүмкіндігі де соғұрлым жоғары!
5. Бір қатысушы тек бір сыйлық ұта алады. Жеңімпаздың чегі қайта түскен жағдайда, қайта ұтыс өткізіледі.
🏆 Бас жүлде — теледидар!
Сонымен қатар аэрогрильдер, құлаққаптар, электр шәйнектер, грильдер, вафли пісіргіштер және басқа да сыйлықтар ойнатылады. 🎁
🎉 Сыйлықтарды ұтыс ойыны 2026 жылғы 16 желтоқсанда «ЦУМ» сауда үйінде, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізіледі. 🇰🇿
❗ Егер сізге фискалдық чек беруден бас тартса, тек тауарлық чек берсе немесе төлемді телефон нөміріне аударуды ұсынса — Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарлаңыз.
📲 Акция жаңалықтары мен нәтижелерін Instagram парақшамыздан бақылаңыз: @rudny.salyq.kz
ЧЕК ТАЛАП ЕТ — СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
💙 Сенің чегің — туған қаланың дамуына үлес!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1297992?lang=ru

Жауап қалдыру