Алматы қаласының прокуратурасы табиғи монополиялар субъектілерінің кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде инвесторларға объектілерді инженерлік желілерге қосу кезінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің заңдылығына талдау жүргізді.
Жекелеген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң «Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде мәлiметтердi тиiсiнше орналастыруды және уақтылы өзектендiрудi қамтамасыз етпегенi анықталды.
Нәтижесінде бизнес субъектілері мен инвесторлар бос қуаттардың болуы және объектілерді инженерлік инфрақұрылымға қосудың техникалық мүмкіндігі туралы нақты ақпаратты уақтылы алу мүмкіндігінен іс жүзінде айырылған.
Мұндай практика заңнама талаптарына сәйкес келмейді және реттеліп көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қол жетімділігі қағидаттарын бұзады, сондай-ақ тұтынушылардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуін шектейді.
Қадағалау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 4,7 млн теңгені құрады. Инженерлік қуаттардың болуы және қолжетімділігі туралы тиісті мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізілді.
Алматы қаласының прокуратурасы реттелiп көрсетiлетiн қызметтер саласында заңдылықты қамтамасыз ету және кәсiпкерлiк субъектiлерi мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнiндегi жұмысты жалғастыруда.
Алматы қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1297391?lang=ru

Жауап қалдыру