Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23 қыркүйек күні «Қоғамдық келісім» үйінде этнос өкілдерінің арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Байқауға әр салада қызмет атқаратын мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері қатысты.

Қазылар алқасының ұйғарымымен І орынды Ахметова Зарина Нрушановна (Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі), ІI орынды Гулакова Карина Константиновна (Целиноград ауданы Шалқар ауылдық кітапханасының кітапханашысы), ІII орынды Бекботова Рахимат Ахметовна (Бұланды ауданы Макинск қаласының «Облгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қойма меңгерушісі) иеленді.

Сондай-ақ қазылар алқасының ұйғарымымен конкурсқа қатысқан басқа да қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Облыстық конкурстың барлық қатысушылары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1297873?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді