Ақпараттық-түсіндіру дәріс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заң мен тәртіпті сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында, Алматы облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері Қонаев қаласындағы «Қазақ орта мектеп-лицейінің» оқушыларына кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына айыппұл салу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ оңайлатылған іс жүргізу тәртібі шеңберінде ата-аналарға айыппұл салу тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар, атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу тәртібіне, атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ заңнама талаптарын уақтылы орындаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Департамент мамандары оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, заңнамада көзделген жауапкершілік шараларын қолдану тәртібін жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін практикалық мысалдар келтірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1297413?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді