
2026 жылғы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Азаматтарды Департамент басшысының орынбасары Жумабаева З.М. қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтардың қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Кездесу барысында мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңдылық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Ашық есік күнін» өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және халықтың мемлекеттік орган қызметіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zko/press/news/details/1297941?lang=ru

Жауап қалдыру