Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Амангелді Құрманғазыұлы Қонақбаев Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Амангелді Қонақбаев 1977 жылы Шалқар ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «Орыс тілі мен әдебиеті», Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы мұғалім болып бастаған. Әр жылдары мектеп директоры, Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2018-2023 жылдары Шалқар ауданы әкімінің орынбасары болды.

2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1297867?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді