
34 жастағы Ерік Амангелдиев Жезқазған мыс балқыту зауытында балқытушы болып жұмыс істейді. Оның бұл саладағы еңбек өтілі – 8 жыл. Бес баланың әкесі үшін бұл жұмыс – отбасының нәсібін табатын кәсіп қана емес, елдің дамуына үлес қосатын маңызды еңбек. Зауытта қауіпсіздік талаптарына ерекше мән беріледі. Әр жұмыс күні нұсқаулық пен тиісті рұқсаттан басталады. Ал маман үшін өз қолымен атқарған жұмыстың нәтижесін көру – үлкен мақтаныш. Еңбегімен елге қызмет етіп жүрген маманның жұмысымен танысқыңыз келсе, толық бейнематериалдан көріңіздер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1297427?lang=ru

Жауап қалдыру