ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ

Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен «Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының студенттері арасында Еңбек күніне орай ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі талаптары, еңбек құқықтары мен міндеттері, еңбек шартының маңыздылығы, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жастардың еңбек нарығына шығу кезінде өз құқықтарын білуі, жұмысқа орналасу барысында еңбек шартын міндетті түрде рәсімдеудің маңыздылығы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек қатынастарына байланысты пайдалы ақпараттар алды.

Негізгі мақсат – жастардың еңбек құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және қауіпсіз әрі заңды еңбек қатынастарының маңыздылығын насихаттау.

Еңбек – елдің дамуы мен тұрақты болашағының негізі!
Еңбек құқықтарын білу – өз құқығыңды қорғаудың кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1297172?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді